БІЗ -ТАЗА ҚАЛА ҮШІН!

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Қадыр Қойшыбекұлы мен жоғары мектеп білімгерлері 2022 жылдың 15 қазанда өткен күзгі жалпы қалалық экологиялық акцияға белсене қатысты. Бұл акция “Біз таза қала үшін” бағдарламасының негізінде өткізілді. Білімгерлер сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп ардагерлер саябағы аумағын қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазартып шықты. Жоғары мектеп деканы Қадыр Қойшыбекұлы: «Мұндай іс-шаралар жастарға экологиялық тәрбие беруде өте қажет. Бүгінгі әлемді жайлаған проблема қоршаған ортаға деген адамдардың қарым-қатынасының жоқтығынан, жаман әдеттің айнала үшін қаншалықты қауіпті екенін түсінбегеннен өршіп тұр. «Біз -таза қала үшін» акциясы туған жерінің тазалығын сақтау мен аялауға баулитын, патриоттығын қалыптастыратын шара. Білімгерлер бойында экологиялық тәрбиені дамытуда университет үлкен көңіл бөлуде», — деген оймен бөлісті. Осы сынды сенбілік жұмыстарымыз әрі қарай да өз жалғасын табатынына сенімдіміз!