Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

2022-2023 оқу жылында жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар беру жұмыстары

2022 жылғы 26 қыркүйек пен 14 қазан аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жоғарғы мектептері мен мансап және жұмысқа орналастыру орталығы бірлесе отырып жоспарға сай өңір көлемінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы оқу жылында өңір бойынша 5853 оқушы мектепті аяқтағалы отыр. Түсіндіру жұмыстарына жоғарғы мектептердің декандары мен орталық мамандары қатысты. Аталған шара барысында Талдықорған қаласында – 7; Текелі қаласында – 6; Алакөл ауданында – 12; Сарқан ауданында – 10; Ақсу ауданында – 8; Кербұлақ ауданында – 12;  Ескелді ауданында – 5; Көксу ауданында – 10; Панфилов, Қаратал аудандарында – 14, жалпы – 84 білім беру мекемесі қамтылды.

Ақпараттық науқан университет жайлы мәлімет беру мен оқуға қабылдау ережелерін түсіндіру мақсатында жүргізілді. Кездесулерде оқу орны туралы бейнематериал көрсетіліп, арнайы кітапшалар таратылды. Жетісу университетінде білім алудың басымдықтары, білім беру бағдарламалары мен жоғарғы мектептер туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, университет тарапынан жастарды қолдауға бағытталған бастамалар жайлы да сөз қозғалды.  Кездесу барысында болашақ білімгерлер  өз ойларымен бөлісіп, толғандырған сұрақтарына толық жауап алу мүмкіндігіне ие болды.