«Студенттен түлекке дейінгі жол» атты Форум

07.10.2022 жылы Құқық және Экономика Жоғарғы мектебі университетіміздің 50-жылдық мерейтойына орай  “Cтудеттен түлекке дейінгі жол” атты форум ұйымдастырды. Аталған форумға Құқық және Экономика Жоғарғы мектебінің түрлі салада қызмет етіп жүрген, университет мақтаныштарына айналған бірқатар түлек шақырылды. Бұл форумның мақсаты: Білімгерлермен түлектердің арасында достық қарым қатынас орнату, түлектеріміздің университет қабырғасында өткен жарқын оқиғаларын, студенттік кездегі қызықты сәттерін еске түсүру мақсатында еркін, галстуксіз форматта ұйымдастырылды.