Биылғы жылы алғаш рет республика күнін атап өтеміз.

Биылғы жылы алғаш рет республика күнін атап өтеміз.

16 шілдеде Мемлекет басшысы Ұлы даланың қақ ортасында, Ұлытауда, ұлттық құрылтайда Республика күнін ұлттық мерекелер тізіміне қайтаруды ұсынды.

Республика күні алғаш рет 1995 жылдың қазан айында Ұлттық мереке болып жарияланды. 25 қазан күні кездейсоқ таңдалмады: дәл осы күні 1990 жылы Жоғарғы Кеңестің қаулысымен сол кездегі Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Құжат Қазақ КСР егемендігін жариялап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін негіздеді. «Республика күні еліміздің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символы болуға тиіс»,-деді сол кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы.

«Zhansugurov College» оқытушылары мен студенттері ұжымының атынан Алматы облысы мен Жетісу облысының тұрғындарын осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтайық. Екі облыстың барлық тұрғындарына Өркендеу, Бірлік, Бейбітшілік пен амандық тілейміз! Өңірлердің білікті кадрларының армиясы жас мамандардың Құзыретті кадрларымен үнемі толықтырылып отыруы үшін біз өзімізге байланысты барлық нәрсені жасауға тырысамыз.

Марат МАЛЬТЕКБАСОВ,

п. ғ. д., профессор,

«Zhansugurov College»директоры