25 қазан – Республика күні

18 қазан 2022 жылы Жаратылыстану жоғары мектебінде «Химия-Биология» мамандығының білімгерлері мен кураторы Т.К. Укушева «Менің Отаным – Қазақстан Республикасы» күніне арналған іс-шараны өткізді.

Іс-шара мақсаты: білімгерлерді туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Ұлттық  сана  –  сезімі,  мәдениет,  парасаты, ар –  ожданы  мол,  еңбекқор  бойына  игі қасиеттер   қалыптастыратын  азаматтар  тәрбиелеу.

Іс-шара барысында білімгерлер Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын, шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отанға деген сезімдерін білдірді. Адамзаттың парызы – туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Елімізде мәңгі тыныштық болсын! Сүйікті Отанымыз Азат Қазақстан мәңгі жайнай берсін, жарқырай берсін!