Жобалар

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 5 жобасы АҚ «Ғылым қорының» «Өнер табыс питчінде»қорғалды

АҚ «Ғылым қоры» ғалымдар мен өнертапқыштарға коммерциялық құндылықты ашуға, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына одан әрі қатысу мақсатында жобалар мен әзірлемелердің презентацияларын күшейтуге және пысықтауға көмек көрсету үшін тұрақты түрде «Өнер-табыс питч» өткізеді. Жобаларды «Өнер-табыс питчінде» таныстыру ғалымдарға жобаны бірлесіп қаржыландыруды немесе коммерцияландыру үшін бизнес-серіктес табуға мүмкіндік береді.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Jas galym» байқауы аясында орындалған 5 жобасы «КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ РЕАКТОРЫ» диалог алаңына одан әрі қатысу үшін «Өнер-табыс питчінде» АҚ «Ғылым қорына» таныстырылды.

1) Абдуллаева А. «”Физика бойынша зертханалық жұмыстар”» жаппай ашық онлайн курсын (ЖАОК) құру»;

2) Ахметов Ж «Пластикті қайта өңдеуге арналған экструдер дайындау»;

3) Есейкызы А. ««Цифрлық білім беру ресурстары» мұғалімдерге арналған онлайн-оқыту платформасы»

4) Оразбаева А. «Талдықорған каласы бойынша «Aura.delivery» геоақпараттық жүйесін жасау»;

5) Қамбарова А. «Черная львинка (Hermetia illucens) жәндігінің дернәсілдерінің көмегімен органикалық қалдықтарды қайта өңдеу».

Біздің жас ғалымдар инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің директоры Құрманғазы Құралұлы Омаров, сондай-ақ, инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің бас менеджері Юлия Александровна Вяткина секілді АҚ «Ғылым қоры» өкілдерінен өте құнды кеңестер алды.

Ғалымдарымыз үшін пайдалы семинарлар мен питчтер ұйымдастырғаны үшін АҚ «Ғылым қорына» алғыс білдіреміз.