25 қазан Республика күні

20 қазан күні Жаратылыстану жоғарғы мектебінің ГТҚ311, ГТҚ411, ГҚ411, ГИР топ білімгерлерімен куратор Дүйсембинова Сауле Мырзабековна Республика күніне орай тәрбие сағатын өткізді.

Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.

Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлыңы айқын сезінеді. Біз туған мемілекетіміздің тәуелсіздгін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Қазір қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.

Мектеп қабырғасынан кейін дұрыс мамандық таңдап, арнайы оқуға түсіп, тамамдағаннан кейін адал және шын ниетпен жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, жүктелген міндеттерді және орындаған жұмысты жауапкершілікпен атқару, істеген жұмысының сапасын арттыру, жаңашылдыққа, алға ұмтылып, жаңа технологияларды орнымен пайдалана білу – жастарымыздың негізгі міндеті болып саналатынын, олардың санасына құя беру – біздің міндетіміз.