БІЛІМГЕР БИІКТЕН КӨРІНДІ

Ұлттық мереке – 25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына эссе жазудан байқау жарияланды.

Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған. Оған Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білімгерлері де қатысты. Нәтижесінде жүлделі 1 – орынды Гуманитарлық  ғылымдар жоғары мектебі Журналистика және ақпарат БББ – ның 2-курс студенті Әділханқызы Мақпал иеленді. Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді. Білімгерімізге шығармашылық табыс тілеп, шын жүректен құттықтаймыз!