«Егемендік еліміздің ертеңі»

2022 жылдың 21 қазанында 17:00-де І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының «Тарих» мамандығының 1-курс білімгерлері мен топ кураторы Б.Т. Калиева 25 қазан ҚР Егемендік күніне орай «Егемендік еліміздің ертеңі» атты кураторлық жоспар негізінде «ашық кураторлық» сағат өткізілді. Кураторлық ашық сабаққа гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Кураторлар кеңесінің төрағасы» әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскер                      Ж.У. Калелова қатысты.

Ашық кураторлық сабақ барысында ҚР Егемендік күніне қатысты тарихи фактілермен танысып, білімгерлерге сұрақ-жауап, миға шабуыл форматтарында өтіліп, жан-жақты талқыланды.

Білімгерлерге тақырып аясында сұрақтар қойылып, талқыланып, қорытынды ой айтылды.