Конференция

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2022 жылдың 21 қазан күні университеттің 50 жылдығына арналған «Болашақ ұрпағы: ғылым мен білімнің тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция жұмысының бағыттары:

  1. Білім берудің заманауи моделі: тенденциялар, мәселелер мен перспективалар
  2. Ғылымның, техниканың және технологиялардың дамуы
  3. Экономика мен құқықтың басым бағыттары мен даму жолдары

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция аралас форматта өтті.

Конференцияның мақсаты білім берудің заманауи моделінің теориялық және практикалық негіздері туралы тәжірибе мен пікір алмасу. Міндеті экономика мен құқықты дамытудың басым бағыттары мен жолдарын, ғылымды, техника мен технологияны дамыту перспективаларын айқындау.

 Пленарлық мәжілісте алыс және жақын шетелден келген ғалымдар – Латвия Республикасының, Ресей Федерациясының, Түркия Республикасының өкілдері, Атамекен ҰКП өкілі, сондай-ақ университет ғалымдары қатысты.

Пленарлық және секциялық мәжілісте 50-ден астам баяндама тыңдалды.

Конференция материалдарының жинағында жариялауға 115-тен астам ғылыми мақала қабылданды.