24-қазан Біріккен Ұлттар Ұйымы күні және Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде

2022 жылдың қазан айының 20-сы күні Штқ411-412 топтары топ кураторы Жұмағали Қанышамен бірге ашық кураторлық сабақ өткізді. Ашық сабақта «24 қазанда өткізілетін Біріккен Ұлттар Ұйымы күні және Қазақстан БҰҰ ұйымының мүшесі ретінде» тақырыбында сөз қозғалды. БҰҰ  жалпы мақсаты мен міндетін, тарихын зерттеп, атқаратын қызметі жайлы және де ұйымдағы Қазақстанның ролін, маңыздылығы мен қажеттілігін білу үшін ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.