Хабарландыру

«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне педагогика ғылымдарының докторы, Вильнюс университетінің профессоры (Литва Республикасы, Вильнюс қ.) Rimantas Želvys (Римантас Желвис) келді.

Бағдарламаға сәйкес, 2022 жылғы 2 қарашада сағат 17:00-де «Education and globalization» тақырыбында қонақ дәрісі өтеді. Барлық тілек білдірген оқытушылар мен білім алушыларды осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Өтетін орны – 313 мәжіліс залы.