«Интербелсенді әдістердің классификациясы»

2022 жылдың қараша айының 1-і күні сағат 15:15-те 305 аудиторияда гуманитарлық  ғылымдар жоғары мектебінің шет тілдері білім беру бағдарламасының оқытушысы Шыныбекова А.С. ШТҚ-411 тобымен  «Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде ағылшын тілін оқыту технологиялары»  пәні бойынша «Интербелсенді әдістердің классификациясы» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта «Интербелсенді» сөзінің мағынасы ашылып, интербелсенді әдістердің түрлері қарастырылды. Сабақ барысында бірнеше интербелсенді әдістерді қолданып, жеке және топтық тапсырмалар орындалды. Түрлі үлестірмелі қағаздар, түрлі-түсті стикерлер, кері байланыс ретінде тілек ағашы қолданылып, Синквейн тәсілі, ситуациялық жағдаяттар, Learning App, Fortune дөңгелегі сынды АКТ-ның біраз түрлерін қолдану және  бағалау крийтерилеріне сай бағалау әдістерін қолдану арқылы сабақ жоғары деңгейде және қызықты өтті.