РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің Шетел тілдері және аударма ісі білім беру бағдарламасының АІҚ112тобы студенттері және куратор Айжан Сахановнаның ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне арналған ашық тәрбие сағаты өтті. Онда топ білімгерлерінің  өз өнерлерін көрсетіп,өлең оқып,түрлі танымдық біліктіліктерін арттыратын сұрақтар қойылды. Топ білімгерлерінің барлығы қызу қатысты,жүргізушілер А.Тәуімбетұлы мен А.Нұрбек болды, соның ішінде А.Мыныбек өлең оқыды және А.Шелбай мен А.Абдықадирдің қызықты ойындары қатысушылардың ойынан шықты. Топқа патриоттық адамгершілік пен тәрбие жүргізу мақсатында Республика күніне орай ашық сабақты өткіздік.Ұйымдастырған іс шарамыз өз мақсатына жетіп,қызықты да көңілді өтті.