Қонақ дәрісі

Вильнюс университетінен (Литва Республикасы) келеген шетелдік ғалым Rimantas Želvys-тың қонақ дәрісі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап  хабилиттенген әлеуметтік ғылымдар докторы, Вильнюс университетінің профессоры (Литва Республикасы, Вильнюс қ.) Rimantas Želvys дәріс оқиды.

2022 жылдың 2 қарашасында «Education and globalization» тақырыбында қонақтар дәрісі өтті, оған университеттің көптілді топтарының жас ғалымдары, оқытушылары мен студенттері қатысты. Дәріс барысында жаһанданудың білім беру жүйесі мен сапасына әсері, жекелеген елдерге жаһандану процесінің артықшылықтары мен кемшіліктері және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.