Жетісу облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби дамуы мақсатында 2022 жылдың 3 қарашасында Талдықорған қаласы № 17 орта мектебінде « Химия пәнінен пәндік құзыреттілікті дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында Жетісу университетінің PhD оқытушы-дәріскері Құрманғажы Гүлнархан химия пәнінен семинар өткізді. Семинар барысында күрделі химия есептері мен олимпиада есептерінің шығару әдістемесі талқыланды, сонымен қатар химия пәнін оқытуда кездесетін мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.