Хабарландыру

«Key Issues of Contemporary Research»

Жас ғалымдарға, докторанттарға және магистранттарға арналған семинар – тренинг

Спикер: Хабилиттенген әлеуметтік ғылымдар докторы, Вильнюс университетінің профессоры (Литва Республикасы, Вильнюс қ.) Rimantas Želvys

07.11.2022 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бас ғимаратында (313 кабинет – конференц залы). университеттің магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары үшін «Key Issues of Contemporary Research» тақырыбында семинар-тренинг өткізіледі.

Спикер ретінде хабилиттенген әлеуметтік ғылымдар докторы, Вильнюс университетінің профессоры (Литва Республикасы, Вильнюс қ.) Rimantas Želvys сөз сөйлейді.

Ол заманауи зерттеулердің негізгі мәселелері туралы әңгімелейді және білім беру саласында ғылыми зерттеулер жүргізу туралы өз тәжірибесімен бөліседі.

Университеттің барлық ниет білдіруші магистранттарын, докторанттарын және жас ғалымдарын осы семинарға қатысуға шақырамыз.