ШАХМАТТАН ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде бүгін ҚР ұлттық студенттік лига жарыстарына іріктеу мақсатында спортакиада жарыстары өтті. Шахмат ойыны бойынша 5 жоғары мектептен он білімгер қатысып, тартысты ойын көрсетті.    

Шахмат – өнер, ғылым және спорт элементтерін біріктіретін логикалық ойын. Екі ойыншы 64 шаршыдан тұратын шахмат тақтасында додаға түседі.  Басты мақсат –  қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою. Міне, аталған интелектуалды ойын жарысы біздің университетте  кең өріс алып келеді. Бүгінгі «сен тұр, мен жығайын» деп кіл мықты қатысқан жарыста жүлделі І орынды құқық және экономика ғылымдар жоғары мектебі, ІІ орынды жаратылыстану ғылымдар жоғары мектебі иеленді. Ал жүлделі ІІІ орынды гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, Журналистика және ақпарат БББ-ның 3 курс студенті Дамир Шаймұрат және Шетел тілдері және аударма ісі бойынша БББ-ның 4 курс білімгері Инесса Газалиева үздіктер қатарынан көрінді.