18 ЖАСТАҒЫ СТУДЕНТ АУЫР САЛМАҚТЫ ГІРДІ 100 РЕТ КӨТЕРДІ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 3-қарашада студенттер арасында ұйымдастырылған олимпиада бойынша Гір көтеруден сайыс өтті. Оған университетке қарасты жоғары мектептерден 18 білімгер қатысып, бақ сынасты. Таза салмағы 18 келі тұратын гір тасын көтеру оңайға түспеді. Спортты жанына серік еткен студенттер ағалап алға шығып, күш атасын танытты. Нәтижесінде зіл шойынды 172 рет көтерген Жаратылыстану ғылымдар жоғары мектебінің білімгерлері бірінші орын алды. Екінші орын 122 ұпай жинаған Құқықтану ғылымдар жоғары мектебіне бұйырды. Ал жүлделі үшінші орынды әдебиетке жаны құмар, сөз майталманы Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі Журналистика және ақпарат БББ-ның студенттері Диас Түзелбай, Бауыржан Қасымхан, Мұрат Күмісбек қанжығасына байлады.

Сайыс қызықсыз өткенбе?! Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің 18 жастағы студенті Нұрпәзіл Әліби 18 келілік гірді 100 рет көтеріп ұстаздар мен барша қатысушыларды таңғалдырды.