Жетісу облысының география пәні мұғалімдерінің  әдістемелік семинары

2022 жылы 3 қараша күні Талдықорған қаласындағы 17 орта мектепте І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен  облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп  «География пәнінен білім алушылардың пәндік және пәнаралық құзыреттіліктерін дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында Жетісу облысының география пәні мұғалімдерінің  әдістемелік семинары өтті. Оған  8 ауданнан 26 пән мұғалімі қатысты.

Семинарда білім алушыларға күрделі геологиялық, геоморфологиялық, климаттық және гидрологиялық  түсініктерді меңгерту негізінде білім алушылардың арнайы пәндік және пән аралық құзыреттіліктерін қалыптастырып,  функционалық сауаттылықты дамытудың   тиімді әдістері қарастырылды.

Білім мазмұны жаңартылған үлгілік оқу бағдардамасының оқу мақсаттарына сәйкес географиялық ақпараттық жүйелер технологиясы негізінде құрылған заманауи интербелсенді сандық карталар мен шынайы уақыт жүйесінде жұмыс істейтін Жердің үш өлшемді виртуалды үлгісі Google Earth Pro пайдаланудың   әдіс-тәсілдері талқыланды.