Сәлем, магистратураға түсушілер!

Сіздерге 2022 жылғы 1-18 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ жүргізілетінін хабарлаймыз.
Кешенді тестілеудің өзі 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.

Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.

Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 2️⃣2️⃣ қарашада түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
КТ-ның шекті балдары келесідей:
Ғылыми-педагогикалық магистратура – 7️⃣5️⃣ балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).
Бейінді магистратура – 5️⃣0️⃣ балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).

Оның ішінде:
Шет тілі – кемінде 25 балл (ғылыми-педагогикалық);
ОДАТ – кемінде 7 балл;
БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).

ЕСКЕРТУ:

2022 жылы Ережелерді бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген талапкерлер, сондай-ақ нәтижелері жойылған тұлғалар қайта кешенді тестілеуге қатыса алмайды.
2022 жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.

КТ-ға қатысу құны 11 020 теңгені құрайды.
Барлығыңызға сәттілік тілейміз!