Семинар-тренинг

«Experience of teacher training» тақырыбында ЖОО қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап хабилиттенген әлеуметтік ғылымдар докторы, Вильнюс университетінің профессоры (Литва Республикасы, Вильнюс қ.) Rimantas Želvys дәріс оқиды.

Сапар бағдарламасына сәйкес, 2022 жылғы 9 қарашада » Experience of teacher training» тақырыбында семинар өткізіледі. Осы семинарға университеттің барлық қызығушылық білдіруші профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін қатысуға шақырамыз.

Өтетін орны – 313 мәжіліс залы.