Кездесу

2022 жылғы 08 қараша күні жаратылыстану жоғары мектебінің академиялық комитеті мен білім беру бағдарламаларын жаңарту жобалық офисімен бірлесіп Даугавпилс университетінің информатика кафедрасының меңгерушісі,  ф.-м.ғ.к. С. В. Игнатьевамен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша мұғалімдерді дайындау бағытындағы БББ мазмұны мен жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. С.В.Игнатьева Даугавпилс университетінде (Даугавпилс қ., Латвия) білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. Талқылау қорытындысы бойынша жаратылыстану жоғары мектебінің БББ дамыту жолдары белгіленді.