«Студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс»

2022 жылғы 10 Қарашада жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушы-ассистенті А. Шендель «Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы» тақырыбында «Физика» мамандығы бойынша ФПК411 тобының студенттерімен әңгімелесу өткізді. Іс шараның мақсаты: студенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, эссе-пайымдау жазу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, құқықтық мәдениетті дамыту, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстыру болды.