«Тәлімгер жұмысын үйлестірудегі мектеп тәжірибесі»

04.11.2022ж.  сағат 9:00 де  Б.Сырттанов атындағы №25 орта мектебінде өткен семинарға Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі,  Шет тілі:екі шетел тілі мамандығының ШТҚ-411, ШТҚ-413, ИЯР-411 топтары Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушысы Жұмағали Қаныша жетекшілігімен «Алматы облысы бойынша біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» филиалының Жетісу облысы бойынша өкілдігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  ұйымдастырған “Тәлімгер жұмысын үйлестірудегі мектеп тәжірибесі” атты семинарға қатысты.

 

Бұл семинардың мақсаты тәлімгерлік үдерісті жүзеге асыруда тиімді тәжірибені ұсыну болып табылады. Семинар түрлі бағыт бойынша және белгіленген жоспар бойынша өтті. Бұл жобаның тиімділігі мен рөлі жайында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  Жетісу облысы бойынша өкілдігінің басшысы Е. Немеребаев және Талдықорған қаласы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері М.Садуакасова таныстыру жұмыстарын жүргізді. Орта білім беру ұйымдарының педагогтары жүргізуге міндетті құжаттар, жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу бағдарламасының жүргізілуі, КТЖ, ОМЖ, ҚМЖ- мазмұнын құруда көмек көрсету, критериалды бағалауды жүзеге асыруда мұғалім тәжірибесі, сабақты талдау, кері байланыс тақырыптарында педагогикалық консилиум өтті. Арнайы шет тілі топтарына Ақсу ауданының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Э.Естибаева және Талдықорған қаласының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы М.Омарбекова сабақ жүргізген болатын.