«Журналистің  сөйлеу мәдениеті мен  этикасы»

06.10.2022–18.11.2022ж. аралығында Семей қаласының Шәкәрім атындағы  университетінің КЕ АҚ аға оқытушысы, ф.ғ.к. Жумагулова Алия Матаевна  6В03201 – журналистика және ақпарат  білім беру бағдарламасының  білім алушыларына (3 курс, ЖҚ-311, ЖҚ-312) «Журналистің  сөйлеу мәдениеті мен  этикасы» пәнінен ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  қашықтан  сабақ жүргізді.

Пәнді оқыту мақсаты журналистика қызметіне қажетті түрлі кәсіби салада әлеуметтік қарым-қатынас орнатуға қажетті әдеби тілді игеруге, кәсіби қарым-қатынас орнатуға, сауатты диалог жүргізуге және коммуникациялық дағдыға бейімдейтін болашақ кәсіби қызметке дайындау.

Білім алушыларға журналистің сөйлеу мен жазу шеберлігі, теледидардағы өзін-өзі ұстауы, радиодағы сөз саптауы қашанда жоғары талап үрдісінен көріне білуі тиіс екендігін,  тақырып таңдаудан бастап, оны оқырманға жеткізгенге дейін аралықтағы журналист еңбегі кәсіби шеберліктің  үлгісін көрсеткенде ғана ол оқырманның жүрегіне жол таба алатындығын  меңгерту болды.

Курс барысында білім алушыларға  әдеби  тіл нормасы, сөйлеу мәдениетінің  нормативті табиғаты,  ауызша және  жазбаша сөйлеуге мінездеме, шешен сөйлеу мәдениетінің қыр-сырын тану,  көпшілік алдында сөйлеудегі   амалдар қолданысы, жазбаша  мәтіндерге  талдау, ауызша  мәтін құрылымы, сөйлеудегі норма ережелерін сақтау мен  сөйлеу техникасын меңгеру, жаңалық мәтіндерін кәсіби дәрежеде оқи білу, журналистік қызметте сөздік, анықтамалық әдебиеттерді және  басқа да нормативті құжаттарды пайдалана білу,  әдеби норманың  медиаөнім форматымен сәйкестігін сақтау қағидалары, журналистің кәсіби моральдық, этикалық принциптерді меңгеруі сынды тақырыптар мазмұнында дәріс және тәжірбиелік сабақтар өткізілді.