Семинар-тренинг

Хабилиттенген әлеуметтік ғылымдар докторы, Вильнюс университетінің профессоры Rimantas Želvys «Experience of teacher training» тақырыбында ЖОО қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өткізді

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап хабилиттенген әлеуметтік ғылымдар докторы, Вильнюс университетінің профессоры (Литва Республикасы, Вильнюс қ.) Rimantas Želvys дәріс оқиды.

Сапар бағдарламасына сәйкес, 2022 жылғы 9 қарашада «Experience of teacher training» тақырыбында семинар өткізілді, оған «Педагогика және психология»білім беру бағдарламасының оқытушылары қатысты. Семинар барысында Финляндия мен Литва Республикасында оқытушыларды даярлау тәжірибесі, Қазақстан мен Еуропа елдеріндегі білім беру жүйесі сияқты мәселелер талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.