Семинар

«Ғылыми зерттеулердегі сандық және сапалық әдістер» тақырыбында жас ғалымдар мен докторанттарға арналған СЕМИНАР

2022 жылдың 9 қарашасында физика докторы, Даугавпилс университетінің (Латвия, Даугавпилс қ.) информатика кафедрасының меңгерушісі Игнатьева Светлана  «Количественные и качественные методы в научных исследованиях» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға жаратылыстану жоғары мектебінің жас ғалымдары, докторанттары мен магистранттары қатысты.

Семинарда шетелдік ғалымдарға ғылыми зерттеулерде сапалық және сандық әдістерді қолдану мысалдары ұсынылды.  Тыңдаушыларды бір ғылыми зерттеуде әртүрлі тәсілдерді біріктіру мәселелері қызықтырды.  Пікірталас барысында бастапқы ақпаратты жинау үшін сауалнамаларды әзірлеу және бейімдеу, сондай-ақ деректерді өңдеу және ұсыну үшін компьютерлік құралдарды пайдалану мәселелері талқыланды.