Белестерге бет түзеген қазақ киносы

Жаратылыстану жоғары мектебінде Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында Химия-Биология мамандығының 3 курс білімгерлері және куратор Т.К.Укушева «Белестерге бет түзеген қазақ киносы» атты тәрбие іс-шарасын өткізді. Іс-шарада Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары             
(1920-1940 жж.), Қазақ ұлттық кино өнерінің 1945 – 1980 жж. қалыптасуы мен дамуы, Қазақ кино өнері Тәуелсіздік кезеңінде қысқаша баяндалды. Осылайша, қорытындылай – рухани мазмұндағы фильмдер іс-әрекеттерге жанашырлық танытуға және ойлануға мәжбүр етеді, қылмыс пен жазаның мысалын көрсетеді, моральдық көзқарас, міндет, ар-ождан, ар-намыс мәселесін көтереді, қиын жағдайдан шығудың сенімді жолын ұсынады және де білімгерлер бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялатады, ұлттық рухты сіңіреді.