МАТЕМАТИКАДАН ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

2022 жылдың 10 қараша күні жаратылыстану жоғары мектебінде «Математика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша оқитын білім алушылар арасында пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиаданы өткізудің мақсаты – математика бойынша білімдерді кеңейту, дербес шешім мен логикалық көзқарасты қажет ететін стандартты емес есептерді шешу қабілеттерін дамыту. Пәндік олимпиаданың жүлдегерлері: І орын – 4 курс студенті Адилхан Жанерке; ІІ орын – 4 курс студенті Малдыбай Мағжан және 4 курс студенті Асылхан Альмира; ІІІ орын – 4 курс студенті Тургумбай Ақерке, 3 курс студенті Құттыбек Аяжан және 4 курс студенті Бупебаева Гульзат.