ФИЗИКАДАН ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

2022 жылдың 10 қараша күні жаратылыстану жоғары мектебінде «Физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша оқитын білім алушылар арасында пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – білім алушылардың физиканы терең меңгеруге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін анықтау, жас таланттарды іздеу. Пәндік олимпиаданың жүлдегерлері: І орын – 4 курс студенті Саят Елнұр Жарасұлы; ІІ орын – 3 курс студенті Қайсар Айзада Талғатқызы және 4 курс студенті Кенжебек Дина; ІІІ орын – 2 курс студенті Нусип Дарина Асанқызы, 2 курс студенті Турсын Шұғыла Ұланқызы және 2 курс студенті Қален Мейрамбек Батырханұлы.