ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2022 жылғы 15 қараша күні жаратылыстану жоғары мектебінде ғылыми семинардың кезекті отырысы өткізілді.Семинар мақсаты – ғылыми пікірталас жүргізу дағдыларын дамыту, өз жұмыстарының нәтижелерін дұрыс ауызша және жазбаша ұсыну, ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласындағы білімді байыту. Семинарда оқытушы-ассистент Қ.Р.Жақпаевтың «Ғылыми-зерттеу қызметінде Scopus базасын және Science Direct платформасын қолдану» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар 8D01501  Математика БББ 3 курс докторанттары жұмыстары талданды.

Іс-шара барысында докторанттар докторлық диссертация тақырыбы аясында зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен және идеяларымен алмасты. Докторанттар жоғары мектептің профессорлық-оқытушылық құрамынан ғылыми-зерттеу жұмысының сапасын жетілдіру бойынша құнды ұсыныстар алды.