«ТӘУЕЛСІЗІК ЖҮЗЕГЕ АСҚАН АРМАН»

18.11.2022ж. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінінің шетел тілдері және аударма ісі БББ оқытушысы, АІ-211 тобының кураторы Мусабаева Алия Нурланбекқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсізік жүзеге асқан арман» атты тәрбиелік, мәдени іс-шара өткізілді. Аталған шараға Алматы қаласынан арнайы келген желтоқсан көтерілісінің күрескері Данабекова Кульсумхан Нұрсаметқызы және білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскерлері – желтоқсан оқиғасына қатысушылар – Орынбаева Улсерік Кыдырбайқызы мен Байгуданова Гүлжанат Құдайбергеновна қатысты. Кеш барысында желтоқсан оқиғасына қатысқан апайларымыз Тәуелсіздіктің қалай келгендігін және оны бағалау керектігін айтып өтті.  Ертеңгі жас жеткіншектер өз құндылықтарын  сақтап және дәріптеу керектігі туралы жақсы ойлар айтылды. Кеш соңында топ студенттері Желтоқсан оқиғасы туралы қойылым қойып, әдеби сазды әндер айтылды.