Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Кез келген дамушы мемлекет үшін қауіпті сыбайлас жемқорлық болып табылады, оны көзден таса етуге болмайды. БПҚ 411 топ студенттер арасында оқу дәрісі өткізілді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолдары мен тәсілдері ашылды.

Мақсаты: білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды тәрбиелеу, насихаттау және қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік билік органдарымен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылға жәрдемдесу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мемлекеттік білім беру стандарттарының ұлттық-өңірлік құрамдас бөлігі шеңберінде әзірленген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру міндеттерін шешу үшін бастауыш орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінде іске асырылатын қосымша жалпы білім беретін және кәсіптік білім беру бағдарламаларына негізделген жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүддесі үшін оқыту мен тәрбиелеудің нысаналы процесі болып табылады, сондай-ақ тиісті біліктілігі бар мамандарды даярлау және қайта даярлау.

Сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге кешенді түрде қарау керек. Сыбайлас жемқорлықтың нақты ауқымы туралы, қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлық нәтижесінде келтіретін зияны туралы, оның басқа да жағымсыз салдарлары туралы, оны тудыратын себептер туралы ақпаратты үнемі тарату қажет. Қоғамдық санадағы сыбайлас жемқорлық туралы жалған идеяларға қарсы тұруды қалыптастыру маңызды.