Кездесу

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесесіп 18 қарашада міндетті жұмыс өтемі бойынша кездесу өткізді. Іс-шараға Басқарма Төрағасы-Ректор аппаратының жетекшісі Қалдияров Данияр Алтайұлы жетекшілік етті. Шараға мемлекеттік білім беру грантының негізінде оқып жатқан бакалавриаттың 940, магистратураның 141 және доктарантураның 50 білімгерлері қатысты. Кездесу барысында «Қаржы орталығы» АҚ Мониторинг департаменті директорының орынбасары Серікқали Ақзира Серікқалиқызы еңбек өтеміне байланысты түсініктеме беріп, саладағы соңғы жаңашылдықтарға тоқталды. Сонымен қатар, жұмыс өтеміне қатысты өзекті мәселелер де талқыланды. Соңында қатысушылар еңбек өтемінің тәртібіне және заңнамаға сай жұмысқа орналасу жөнінде сауалдар қойып, толық жауап алды.