КЕЗ-КЕЛГЕН АДАМ АКТЕР БОЛА АЛМАЙДЫ

Журналистика және ақпарат БББ-ның оқу радиостудиясының “Қонақпен жүздесу” бағдарламасында Бикен Римоваға атындағы драма театрының актері Дулат Жарбас қонақта болды.

Актер өзінің өнерге келу жолы мен театр өмірінің қызығы мен шыжығы жайлы әңгіме өрбітті. Өнер жолына екінің бірі келе алмайтынын алға тартты.  Сахнадағы қызықты сәттерімен бөлісіп, жас мамандарды еңбексүйгіштікке шақырды. Актерлік өнердің жолы үлкен ізденіс пен тынымсыз еңбекті қажет ететін соқпалы-соқтықпалы жол екенін тілге тиек етті.

“Қазіргі көрерменнің талабы өте жоғары. Көрермен қойылымды алдын ала талғап, талдап келеді. Спектаклден кейін көрермендер біздің әлеуметтік желіге өз пікірі мен лебіздерін жазып жатады. Соларды оқып отырсаң, тура бір сыншы дерсің. Қазіргі көрермендердің талабы да талғамы да жоғары, біз де соған лайық жұмыс жасауға тырысамыз” – дейді актер.

Сонымен қатар, актер театр саласына қызығушылық танытатын жастарға  шеберлік сабақтарын өткізіп, жол көрсетуге дайын екенін де айтты.