ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР

Журналистика және ақпарат БББ-ның оқу радиостудиясының “Қонақпен жүздесу” бағдарламасының кезекті санында ақын, ҚР-ның Жазушылар одағының мүшесі Жангелді Немеребай қонақта болып қайтты.

Әңгіме ақынның өмірі мен өнерге келу жолынан басталды. Жетісу жұртшылығына әсіресе әдебиет әлеміне ақынды танымал еткен Жансері лақап атының тарихына да тоқталды. Өлеңмен ауыздықтануына себепші болып, бағыт – бағдар берген ұстаздарын еске алып, өз алғысын білдірді.

«Өлеңнің шығуы оңай жұмыс емес. Мен өзіме шабыт қашан, қай кезде келетінін білмеймін. Әдетте, ұзақ жолдарда, ұйқысыз түндерде өлең шығарамын» –  дейді ақын.

Шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісіп, қазіргі уақытта жаңа кітабының тұсаукесеріне дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын тілге тиек етті. Жас ақындарға алған беттерінен қайтпай, өлең жазуды тоқтатпау керектігін айтып, ақыл-кеңесімен бөлісті.