«Діни экстремизм және терроризм»

2022 жылдың 22 қарашасында Жаратылыстану жоғары мектебі, «Химия-Биология» мамандығының 3 курс білімгерлерімен топ кураторы Т.К.Укушева – «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс шараның мақсаты: Білімгерлерге экстремизм  және  терроризм туралы түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; толеранттылық сезімін, қоршаған шындыққа деген философиялық және сыни көзқарасты тәрбиелеу, рухани жетілу мен өзін-өзі тануға ықпал ету, қазақстандық патриотизм сезімін нығайту. Терроризмге, экстремизмге теріс көз қарасын қалыптастыру. Қазіргі таңда әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі – діни экстремизм мен терроризм қаупі екендігі көпшілікке аян. Ғаламдық бұл қауіп-қатер қоғамға экономикалық, моралдық шығындар әкеліп, үрей тудыруда. Онлайн кездесу барысында білімгерлер өз ойларымен бөлісті. Қорыта келе, Біз қазақ халқының даналығына тағы бір рет көз жеткіздік, біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық негізде ешқашан қақтығыстар болған емес. Қазақстан тек этникалық немесе діни көзқарастарға негізделген қайшылықты елдерді ешқашан қолдамаған. Қазақстанда ешкімге «сөз бостандығы» деген желеумен ұлттық немесе діни қадір-қасиетті қорлауға жол берілмейді.