ХИМИЯ ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДА

2022 жылдың 22 қараша  жаратылыстану жоғары мектебінде  6В01506 – «Химия», 6В01507 – «Химия-Биология» білім беру бағдарламасының студенттері арасында химия пәнінен олимпиада өтті. Олимпиадаға 4 команда қатысты: ХҚ-111 – «Бекетов», ХҚ-211 – «Сириус», ХБҚ-211 – «Алмаз», ХБҚ-311 – «Кребс» топтарының студенттері. Теориялық және эксперименттік турлардан тұратын олимпиадаға қатысқан студенттердің білімі мен дағдыларын жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша  білім беру бағдарламасының жетекшісі б.ғ.к., Б.Қ. Өксікбаев бастаған қазылар алқасы бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды » Алмаз » тобы (ХБҚ-211 тобы) иеленді. Жүлделі II орынды » Бекетов » командасы (ХҚ-111 тобы) алды. III орынды » Кребс » (ХБҚ-311 тобы) командалары иеленді. Командалар арасынан «Үздік экспериментатор» номинациясын алған Ниязбекова Аңсаған  және Абибуллаев Жахангер,  «Үздік химик» номинациясын   Ғалым Мереке ХҚ-111 тобының білімгерлері ерекше көзге түсті. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.