Конференция

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2022 жылғы 18 қарашада «Қоғамның экономикалық-құқықтық дамуының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференция жұмысының бағыттары:

  1. Қазақстан Республикасының құқығы мен экономикасын дамытудың өзекті мәселелері
  2. Өңірлер мен мемлекет экономикасы жағдайында педагогикалық білім беруді дамыту

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция аралас форматта өтті.

Конференцияның мақсаты-жаһандық сын-қатерлер жағдайында қоғамның, экономиканың және құқықтың өзекті мәселелерін талқылау және оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Пленарлық мәжілісте ТМД елдердің ғалымдары – Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының өкілдері, сондай-ақ мемлекетіміздің университеттерінің ғалымдары қатысты.

Конференция материалдарының жинағында жариялауға 30 ғылыми мақала қабылданды.