«ЖАНЫ САУДЫҢ ТӘНІ САУ»

Дәріскер оқытушы В.Т. Енсеева, 2022 жылдың 24 қарашасы күні «Әлеуметтану» пәні бойынша гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің бірінші курс студенттерімен (ҚТӘ 111, 112, ТҚ 111, ФҚ 111) «Жаны саудың тәні сау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Дәрістің мақсаты — қазіргі денсаулық сақтаудағы қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланыс модельдерін түсіндіру. Дәріс кезінде студенттер ерекше белсенділік танытып, тақырыптық шағын көрініс жасады.