Жетісу облысының «Иман» мешітінің бас имамымен «Дін және жастар» тақырыбында кездесу

25.11.2022ж. Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері Б.Сарсенбаевтың ұйымдастыруымен  Жетісу облысының «Иман» мешітінің бас имамы Алмас Данагуловпен ДШҚ 115, ДШҚ 315 топ білімгерлерімен «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті .Кездесу барысында бас имам білімгерлерге діни тәрбие бере отырып, адамгершілік, имандылық, рухани таза болуға шақырды.