«ӘЛЕМДІК САЯСАТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР»

2022 жылдың 24 қарашасында «Дене шынықтыру» білім беру бағдарламасының ДШҚ114, 115, 116 топтарында 1 курс білімгерлерімен оқытушы-дәріскер Тойматаев Дәурен Болатұлы «Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар» атты тақырыбына «Саясаттану» пәні бойынша ашық дәріс сабағын өткізді. Ұсынылған тақырып аясында: Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы, жаһандық проблемалардың типтері. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан және геосаясат сұрақтары қарастырылды.