2022 жылдың 25 қарашасында 15:00-де І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының 6В01601-«Тарих» білім беру бағдарламасының білімгерлері арасында ««Тарих» білім беру бағдарламасыныңбілімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада» өтілді. Олимпиада үш кезеңнен тұрды:
І – Тест (40 сұрақ). Білімгерлер ежелгіден бастап, қазіргі заманға дейінгі барлық кезеңдер бойынша жасалған сұрақтарға жауап берді.
ІІ – Презентация қорғау. Әр топ білімгерлерері өздерінің топтарының аттарын, ұрандары айтып, еркін тақырып негізінде презентацияларын қорғады.
ІІІ – Брейн-ринг. Барлығы 6-топ қатысып, оларға «Тарих» пәні негізінде сұрақ, бейнесұрақтар қойылып жауап берді.
Олимпиаданың нәтижесінде ІІІ кезең бойынша жалпы жиналған балдары есептеліп, білімгерлер І,ІІ,ІІІ-дәрежелі «Диплом» және қатысқандары үшін «Алғыс хаттармен» марапатталды.
І тур – Тест.
ІІ тур – Презентация қорғау.
ІІІ тур – Брей-ринг
«Тарих» білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада нәтижесінде І-дәрежелі дипломмен «Ұлы дала ұрпақтары» тобы марапатталды.
««Тарих» білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада» нәтижесінде ІІ-дәрежелі дипломмен «Орда» тобы марапатталды.
««Тарих» білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада» нәтижесінде ІІІ-дәрежелі дипломмен «Тәуелсіз» тобы марапатталды.
««Тарих» білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада» қатысқан білімгерлер «Алғыс хатпен» марапатталды.