Жәрмеңке

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2022 жылғы 29 қарашада «Жас маман – 2023» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шара оқуды аяқтаушы білімгерді жұмыспен қамту және олардың еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болуы мақсатында өткізілді. Жәрмеңкеге мемлекеттік, жеке меншік мекемелер, құқық қорғау органдары, банк мекемелері, кәсіпорындар, мектепке дейінгі білім беру, жалпы білім беру мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты. Жалпы

университеттің 6 жоғары мектебінен оқуды аяқтаушы 988 білімгері қамтылды. Кездесуде болашақ жас мамандар әртүрлі сала өкілдерінен маңызды ақпарат алып, сұхбаттасты. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге өз түйіндемелерін ұсынып, жұмысқа орналасудың ерекшеліктері мен негізгі қағидалары жайлы дерек алды. Аталған шара бітіруші түлектердің алғашқы жұмыс орнын табуға ықпал етіп, университет ынтымақтастығын нығайтады.