«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты тәрбиелік іс-шара

2022 жылдың 25 қарашасында Жаратылыстану жоғары мектебінің Жартылыстану ғылыми бағыт бойынша БББ-ның оқытушы магистрі Исабаев Ануардың ұйымдастыруымен 6В01509-«География», 6В01510-«География-Тарих» білім беру бағдарламаларының 1,2 курс студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты тәрбиелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты білімгерлердің сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу және студенттерді өз құқықтарын қорғай білуге үйрету.