«Жемқорлықтың алдын алудың  заманауи механизмдері»

2022 жылғы 30 қарашада Жаратылыстану жоғары мектебінің педагогикалық информатика бағыты бойынша  білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері Г.Д.Кастеева  «Математика-информатика», «Физика-информатика», «Информатика» мамандықтарының 2 курс білімгерлерімен  «Жемқорлықтың алдын алудың  заманауи механизмдері» атты тәбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының  мақсаты: Сыбайлас жемқорлықпен күресуде халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігін көрсету. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту -қазіргі уақытта өзекті мәселелер екенін талқыланды.