Рухани дамымай экономикалық даму болмайды!

2022 жылдың қараша айының 29 күні І.Жансүгіров  атындағы Жетісу университеті жаратылыстану жоғары мектебінің 6В01506 «Химия» және 6В01507 «Химия-биология» мамандықтары білімгерлері мен топ кураторы оқытушы-дәріскер PhD Құрманғажы Гүлнарханның ұйымдастыруымен «Рухани дамымай экономикалық даму болмайды!» атты рухани жаңғыру аясында білімгерлер арасында пікір талас өткізілді. Іс-шараның             мақсаты –  білімгерлерді еліміздің рухани даму барысында мемлекеттің экономикасының өркендеуіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.