СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ

ИЯР-111 тобының студенттері мен Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Шетел тілі және аударма ісі» БББ оқытушы-дәріскері, куратор Жабыкбаева Динара Маратовнамен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан аясында,сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бейнеролик түсірді. Негізгі мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың барлық түріне «мүлдем төзбеушілік» қағидаты, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту, белсенді азаматтық ұстанымын көрсету.  Қоғамның қатысуынсыз бұл мәселені жою мүмкін емес. Барлығымыз бірігіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруымыз керек. «Ел болашағы жастардың қолында!»