«Болашаққа бағдар:Рухани Жаңғыру»

2022 жылғы 30 қараша күні Жаратылыстану Жоғары мектебінің физика бойынша білім беру бағдарламасының оқытушы-ассистенті Қ.Р. Жақпаев «Физика» 1 курс білімгерлеріне «Болашаққа бағдар:Рухани Жаңғыру» тақырыбында кураторлық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: «Қоғамның санасын жаңғыртудың бағыттарымен танысу»болды. Тәрбие сағаты барысында «Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» деген қорытындыға ойға тоқталдық.